Лицензиялық кілтті автоматты түрде тарату

Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару серверіндегі кілттер қоймасында орналастырылған лицензиялық кілттерді басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді.

Лицензиялық кілтті басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде тарату үшін

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ОперацияларЛицензиялау«Лаборатория Касперского» лицензиялары бөліміне өтіңіз.
  2. Құрылғыларға автоматты түрде таратқыңыз келетін лицензиялық кілттің атауын түртіңіз.
  3. Ашылған лицензиялық кілттің сипаттары терезесінде Лицензиялық кілтті басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде тарату жалаушасын қойыңыз.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

Лицензиялық кілт сай келетін құрылғыларға автоматты түрде таратылатын болады.

Лицензиялық кілтті тарату Желілік агенттің құралдарымен орындалады. Бұл арада, бағдарлама үшін резервттегі лицензиялық кілтті тарату тапсырмалары жасалмайды.

Лицензиялық кілтті автоматты түрде тарату кезінде құрылғылар санына қойылатын лицензиялық шектеу ескеріледі. Лицензиялық шектеу лицензиялық кілттің сипаттарында белгіленген. Егер лицензиялық шектеуге қол жеткізілсе, лицензиялық кілтті құрылғыларға тарату автоматты түрде тоқтатылады.

Келесі жағдайларда автоматты түрде таратылатын лицензиялық кілт виртуалды Басқару серверінің қоймасында көрінбеуі мүмкін екенін ескеріңіз:

Лицензиялық кілт сипаттары терезесінде Лицензиялық кілтті басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде тарату жалаушасын қойылған болса, лицензиялық кілт сіздің желіңізде дереу таратылатын болады. Осы параметрді таңдамасаңыз, лицензиялық кілтті кейінірек қолмен тарата аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқарылатын бағдарламаларды лицензиялау

Лицензиялық кілтті Басқару серверінің қоймасына қосу

Лицензиялық кілтті клиент құрылғыларына тарату

Қолданылатын лицензиялық кілттер туралы ақпаратты қарап шығу

Лицензиялық кілтті қоймадан жою

Лицензиялық келісімге берілген келісімді кері қайтарып алу

"Лаборатория Касперского" бағдарламалары лицензиясының әрекет ету мерзімін ұзарту

Бизнес шешімдерін таңдау үшін Kaspersky Marketplace пайдалану

Негізгі орнату сценарийі

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату және бастапқы конфигурациялау

Kaspersky Security Center 14.2 лицензиялары мен мүмкіндіктері

Басқарылатын бағдарламаларды лицензиялау

Басына оралу